Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 11 «а» сынып жетекшісі Манзура Алиева «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Оқушыларды зорлық-зомбылықты насихаттайтын түрлі сайттар мен ойын қосымшаларының қауіптілгін ажырата білуге үйрету.